Банк картасы және студенттік куәлікСіздің банктік картаңыз бен студенттік куәлігіңіз сізге ыңғайлы болу үшін енгізілген. Бұл картаны банк берген бойда сіздің электронды поштаңызға Назарбаев Университеті ДББҰ Bursar's office хабарлама жіберіледі. Банктік карталар университет аумағында банк бөлімшесінде беріледі.Егер сізге қосымша ақпарат қажет болса, бізге bursars_office@nu.edu.kz электрондық поштасына жіберіп, бізбен байланысудан тартынбаңыз.
Қаржылық көмекНазарбаев Университеті студенттерімізге қол жетімді қаржылық көмек нұсқаларын ұсынады. Стипендиялар «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының білім алушыларын стипендиямен қамтамасыз ету қағидаларында белгіленген критерийлерге сәйкес академиялық үлгеріміне байланысты НУ студенттеріне тағайындалады.
Студенттерге стипендия берудің мақсаты университеттің адал студенттерінің ғылыми-зерттеу, оқытушылық және оқу қызметін ынталандыру, студенттерге әлеуметтік (қаржылық) қолдау көрсету, сондай-ақ олардың оқу кезіндегі шығындарын ішінара жабу болып табылады.
«Назарбаев Университеті» стипендиясы«Назарбаев Университеті» стипендиясы «Назарбаев Университеті» білім алу гранты бойынша оқитын студенттерге беріледі. Оқудың бірінші семестрінде «Назарбаев Университеті» стипендиясы бакалавриат студенттеріне шартсыз беріледі және ай сайын төленеді. Келесі семестрлерде «Назарбаев Университеті» стипендиясы бакалавриат студенттеріне қағидаларда белгіленген критерийлерге сәйкес емтихан сессиясының нәтижелері бойынша беріледі.
NUFYP және NUZYP бағдарламалары бойынша оқитын студенттер бүкіл оқу бағдарламасы үшін «Назарбаев Университеті» стипендиясын алады (ай сайын төленеді).
«Абай Құнанбаев» және «Ыбырай Алтынсарин» стипендиялары«Абай Құнанбаев» және «Ыбырай Алтынсарин» стипендияларын Университет және/немесе оның ұйымдары қаржыландырады. «Абай Құнанбаев» стипендиясы шетел студенттерге Университетте оқитын шетелдік студенттерге тағайындалады. Бұл стипендиялар стипендиямен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес төленеді.
«Назарбаев Университеті» стипендиясының мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітеді.
Стипендия туралы соңғы ақпаратты Bursar’s Office алуға болады: жұмыс телефондары: +7 (7172) 70 60 86, 70 91 99, 70 90 27, 5034 каб, C2 блогы, еmail:
bursars_office@nu.edu.kz