БІЗ ТУРАЛЫ

Назарбаев Университетінің Дайындық Мектебі 2010 жылы University College London бірлесіп құрылды. Дайындық Мектебі Назарбаев Университетінің ең алғашқы бөлімшесі болып табылады.

2015 жылы Назарбаев Университеті өзінің Университет алдындағы дайындық бағдарламасын (NUFYP) құрды. Бұл бағдарлама қазақстандық студенттер үшін арнайы әзірленген және студенттерді әлемнің ең үздік ағылшын тілді университеттерінде оқуға дайындайды.

NUFYP-ті бітірген студенттердің басым көпшілігі Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламаларына сәтті оқуға түсті, ал біршама студенттер бірден халықаралық университтерде білімдерін жалғастырды.

2017 жылы, Дайындық Мектебі бакалавр дәрежесі бар студенттерді магистратурада және докторантурада оқуға дайындайтын – магистратура және докторантура бағдарламаларының дайындық жылы оқу бағдарламасын құрды.

МИССИЯСЫ
Студенттерді өз бетінше оқитын дербес, ағылшын тілін меңгерген, математика бойынша білімі бар және өз оқуларын табысты жалғастыру үшін тиісті дағдыларды меңгеруге даярлау.
Пайымдау
Дайындық мектебі Университет пен Қазақстанның қажеттіліктерін қанағаттандыратын, тиісті академиялық негізделген дайындық бағдарламаларын әзірлейді, іске асырады және ұсынады.
ҚҰНДЫЛЫКҚТАР
Біз білім беру тәжірибесін кеңінен таратып, студенттердің мүдделеріне бағытталған оқытуды ұсынып, сондай-ақ жеке, сол сияқты академиялық қолдауды қамтамасыз ете отырып, академиялық курстарды іске асыру жолымен студенттердің академиялық және жеке әл-ауқатын бағалаймыз.

Біз жауапкершілікпен, адалдықпен, ынталылықпен және құзыреттілікпен жұмыс істей отырып, университет қоғамдастығы мен Қазақстан ұсынатын қызметтерді бағалаймыз.

Біз барлық істеген істерімізде толлеранттылық, алқалық және кәсіпқойлық таныта отырып, біздің студенттер мен оқытушы-профессорлар құрамы мүшелерін құрметтейміз.
Дайындық мектебінің басшылығымен танысыңыз
  • Роберт Доблер

    Бас директор

  • Самал Рабаева

    Әкімшілік директор
  • Алехандро Акуйо - Кеспедес
    Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі пән жетекшісі
  • Эльмира Турсунханова
    Көшбасшылық пән жетекшісі
  • Джухи Хонг

    Ғылым және қоғам кафедрасының пән жетекшісі

  • Эрик Венте
    Студенттерге кеңес беру бойынша және жеке модульді дамыту аға оқытушысы
Бағдармалық Аккредиттеу
НУ 2019 жылдан бастап «BALEAP»-тің институционалдық мүшесі болып табылады. НУ-дың Университет алдындағы дайындық бағдарламасының «Академиялық мақсаттарға арналған ағылшын тілі» курсы алғаш рет қауымдастықпен 2020 жылдың ақпанында аккредиттелген. Айта кету керек, НУ осы аккредиттеуді алған ТМД елдеріндегі алғашқы университет болды, бұл Дайындық мектебінің Университет алдындағы дайындық бағдарламасының жоғары сапасын растайды.
Make an appointment to meet us