Назарбаев Университетінің Университет алдындағы дайындық бағдарламасы (NUFYP) - студенттерге академиялық білім алуға және Назарбаев Университетінде бакалавриатта оқуды сәтті бастауға қажетті оқу дағдылары мен жауапкершілік деңгейін дамытуға көмектесу үшін әзірленген бір жылдық академиялық дайындық бағдарламасы. Студенттер өздерінің білім құзыреттерін кеңейтеді, оқу стратегияларын жетілдіреді және академиялық дағдыларын нығайтады. Сонымен қатар, олар этика қағидаттарын сақтау, уақытты басқару және мақсаттарға жетуге бағытталған шешімдер қабылдау сияқты маңызды өмірлік дағдыларды дамытады.
NUFYP бағдарламасында студенттер академиялық мақсаттарға арналған ағылшын тіліне,
математикаға және көшбасшылыққа баса назар аударады, бұл академиялық және жеке дамуға ықпал ететін болады.
Миссиясы
NUFYP миссиясы - ағылшын, математика және оқу дағдыларын меңгерген студенттердің НУ-да
бакалавриат бағдарламаларында оқуын сәтті жалғастыра алуы үшін оларды өз бетінше оқуға
дайындау.
NUFYP білім беру бағдарламасының нәтижелері
1) Тиісті деңгейдегі академиялық мәтіндерден, презентациялардан және топтық пікірталастардан дәлелдерді, болжамдарды және тұжырымдамаларды сыни тұрғыдан талдау және бағалау.
2) Пікірлер мен идеяларды ауызша және жазбаша ағылшын тілінде анық және сыпайы түрде білдіру және қолдау.
3) Бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуды бастауға жарамды сандық есептерді шешу.
4) Академиялық адалдықты сақтау және академиялық қолдауды сұрай білу.
5) Шешімдер қабылдау қағидаттарын қолдану және академиялық жоспарлар мен жеке мақсаттарға қол жеткізу үшін жұмыс уақытын ұйымдастыруды жүзеге асыру.
6) Тұлғааралық қарым-қатынас және көшбасшылық дағдыларды пайдалана отырып, командалық жобаларға қатысу.
Студенттерді қолдау
Жыл сайын NUFYP Студенттік кеңес ұйымдастырады, ол дайындық мектебінің басшылығына
консультация береді, студенттерді оқуға ынталандырады және көмектеседі, сондай-ақ әлеуметтік іс-шараларды ұйымдастырады.
NUFYP студенттеріне нақты тыңдаушының академиялық және жеке қажеттіліктеріне сәйкес НУ
кітапханасын, Спорт орталығын, медициналық консультацияларды, Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығының ресурстарын пайдалану ұсынылады.
NUFYP-те студенттердің академиялық үлгерімін және НУ өміріне бейімделуін толық қолдау үшін ОПҚ және жұмыскерлермен бірлесіп жұмыс істейтін Студенттерге консультация беру жөніндегі аға оқытушы және Студенттердің мәселесі жөніндегі менеджер бар.
Бағдарламаның ұзақтығы бір академиялық жылды құрайды
Бағдарламаға түсу үшін не қажет?
Бағдарлама аясында Назабаев Университетінің бакалавриат бағдарламаларына қарқынды дайындық жүргізілуде. Бағдарлама тұлғалық дамуға, оқыту дағдыларын дамытуға, математика мен академиялық ағылшын тілін меңгеруге бағытталған.
Көшбасшылық курсының сипаттамасы
Мұнда сіз «Көшбасшылық негіздері» курсының сипаттамасын жүктей аласыз.
«Көшбасшылық негіздері» курсының оқу нәтижелері
Семестр аяқталғаннан кейін студенттер:
● Қысқаша түйіндеме немесе пікір жазу, сондай-ақ сыныптағы талқылауларға қатысу арқылы түсінгенін көрсете отырып, мақалалар мен мәтіндерге талдау жасау.
● Оқу тапсырмаларында және оқытушылармен өзара әрекеттесуде ағылшын тіліндегі жазбаша және ауызша қарым-қатынас түрлерін тиімді пайдалану.
● Академиялық адалдық қағидаттарын сақтау.
● Оқу және сабақтан тыс іс-шараларды жоспарлау, сабақ кестесін басқару және тапсырмаларды тапсыру мерзімдерін сақтау үшін уақытты басқару құралын таңдау және пайдалану.
● Академиялық және жеке дамуды құжаттайтын рефлексивті күнделікті жүргізу.
● Академиялық және жеке қолдау үшін қайда және қалай көмек алу керектігін білу қабілеттеріне ие болады.
Оқыту және бағалау
Оқытуға шолу
«Көшбасшылық негіздері» курсы студенттерге Университеттің жетістікке жеткен студенттері болуға көмектесетін және болашақ өмір мен кәсіби қызметке дайындайтын негізгі жеке және академиялық дағдыларды қалыптастыруға арналғанкурс. Курстың құрылымы оқытудың барлық кезеңдерінде мұқият бақылау мен бағалауды қамтамасыз ете отырып, теориялық түсінікті де, практикалық тәжірибені де дамытуға бағытталған. Оқыту әдістемесі – кешенді білім беру процесін қамтамасыз ететін төңкерілген оқыту, дәрістер мен семинарлардың үйлесімі. Төңкерілген оқыту мен дәрістер студенттерді негізгі ұғымдармен, теориялармен және модельдермен таныстыруға, көшбасшылық пен академиялық өсуді зерттеуге қажетті берік академиялық базаны құруға арналған. Семинарлар, керісінше, студенттердің жетістігі үшін маңызды академиялық және көшбасшылық құзыреттіліктерді
дамытуға бағытталған интерактивті және практикалық сипатқа ие. Семинар барысында студенттер шағын топтардағы талқылауларға, кейс-стадиді талдауға, презентацияларға және олардың академиялық және көшбасшылық дағдыларын нығайтуға ықпал ететін басқа да қызмет түрлеріне қатысады. Академиялық адалдық курстың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және біз студенттердің оқуы мен жобаларында адалдықтың, жауапкершіліктің және этикалық мінез-құлықтың маңыздылығын түсінуін қамтамасыз етеміз.
Бағалауға шолу
Курс шеңберіндегі бағалау оқытуға жан-жақты көзқарасты қамтамасыз ете отырып, теориялық білімдіде, практикалық дағдыларды да кешенді тексеруге бағытталған.