Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы студенттеріміз бен түлектеріміздің кәсіби дамуын көздеп, мансаптық қызметтерді көрсетеді.
Біздің болашағымыз ел жастарының қолында! Мансапты таңдау отбасынан басталады, Университетте жалғасады және жұмыс берушіде соңғы нәтижесі айқындалады. Сондықтан біздің ортақ күшіміз бен қолдауымыз тұрақты және жүйелік болғаны өте маңызды.
Орталық Мансапты дамыту жөніндегі семинарлар мен Кәсіби даму бағдарламасын іске асыру арқылы студенттердің өмірлік және кәсіптік дағдыларын дамытады. Орталық жұмыс берушілермен іскерлік байланыстарды орнату, Университетте рекрутингтік іс-шараларды, компаниялар презентацияларын, экскурсияларды және т.б. іс-шараларды ұйымдастыру арқылы студенттер мен түлектердің жұмысқа орналасуына өз үлесін қосады.
Орталық мамандары студенттерге интервьюде немесе түйіндемеде нақты айқындай алу үшін, өз дағдылары мен қызығушылықтарын белгілеуге көмектеседі. Сонымен қатар, олардың мансаптық мақсаттарына жетуін көздей отырып, нәтижелі стратегияларды қолдануды алға алады.
Бірге жарқын, жаңашыл және өркендеген болашақты құрайық!
Пайдалы сілтемелер:Біздің сайт:
https://cac.nu.edu.kz/en/Youtube канал:
https://www.youtube.com/user/NUCACchannelБіздің Instagram:
https://www.instagram.com/nu_cac/