EAP мамандарына арналған жаһандық форум
1 маусым 2024
Сыныпқа оралу - жаңа ережелер, жаңа теңгерім?
EAP кәсіпқойларының жұмысы туралы түсінігімізді түбегейлі өзгерткен жаһандық
пандемиядан кейін әлем қалпына келуін жалғастырып жатқанда, біз рөлдеріміздегі тепе-
теңдікті қайта қарастырамыз.
Жаһандық төтенше жағдайға ден қоюдың педагогикалық тұрғыдан тиімді екенін және
студенттердің пандемиядан кейінгі әлем жағдайындағы қажеттіліктеріне сәйкес келетінін
анықтауға мүмкіндік беретін тиісті зерттеулер мен сараптамалар жүргізілді ме?
Қатысу форматтары
Офлайн
Офлайн қатысушыларға семинарға қатысқандығы туралы сертификат беріледі
Тіркеу аяқталды
BALEAP академиялық мақсаттар үшін ағылшын тілін (English for academic purposes, EAP) зерттеумен, оқытумен, ғылыми қызметпен айналысатындардың кәсіби дамуын қолдайды. Ол 1972 жылы SELMOUS (Special English language Materials for Overseas University Students) деген атпен құрылды, 1989 жылы атауын The British Association of Lecturers in English for Academic Purposes, ал 2010 жылы BALEAP деп өзгертті. BALEAP туралы толығырақ.
Курстарды әзірлеу кезіндегі басымдықтар мен қиындықтар қандай?
Аралас курстар EAP бағалаудың дұрыстығы мен дәлдігіне әсер ете ме?
Курстың дизайны студенттердің постковидтік кезеңде тартылуын сақтап қалды ма?
Аралас оқытудың EAP курстарына айтарлықтай әсері болды. Сондықтан, біз осы мәселеге байланысты белгілі бір сұрақтарға жауап іздеуге назар аударғымыз келеді. Курстың дизайнымен қандай ықтимал артықшылықтар мен қиындықтар байланысты екенін анықтау қажет. Сонымен қатар, аралас курстарға және олардың бағалаудың сенімділігіне әсеріне назар аудару керек. Соңында, студенттерді тарту мәселесі постковидтік кезең тұрғысынан қарастырылуы керек.
Мақала жіберуге өтінім беру
Өтінім беру үшін 3 қарапайым қадамды орындаңыз
Өтінім берудің соңғы күні: 12 сәуір 2024 жыл
Мақалалар үшін ұсынылатын тақырыптар:
Ұсыныс формасын жүктеп алу
Толтырылған форманы электрондық пошта pim.2024@nu.edu.kz мекенжайына "call for papers" тақырыбын көрсете отырып жіберіңіз
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Тафтс университетінің Флетчер атындағы құқық және дипломатия мектебін (АҚШ) бітірген. Экономист - политэкономия мұғалімі, халықаралық қатынастар магистрі. Саяси ғылымдарының кандидаты.
Лиз Уайлдинг – University of Reading (Ұлыбритания) Халықаралық оқу және тіл институтының профессоры және трансұлттық білім беру (TNE) бағдарламасының директоры. Ол 20 жылдан астам EAP оқыту және менеджментінде жетекші рөлдерді атқарды. Оның академиялық қызығушылықтары халықаралық студенттердің жоғары білімге және TNE-ге өтуін қолдауға бағытталған. Ол BALEAP TNE арнайы қызығушылық тобының тең ұйымдастырушысы.
Доктор Лоретта О'Доннелл, 2013 жылдың тамызынан бастап Назарбаев Университетінің академиялық мәселелер жөніндегі вице-провосты, университеттің академиялық жоспарлауы, оқу және оқыту, зерттеулерді біріктіру сияқты маңызды жұмыстар атқарады. Доктор Лоретта О'Доннеллдің 20 жылдан астам педагогикалық тәжірибесі бар, әртүрлі академиялық біліктілікке ие, Еуразиялық жоғары білім тақырыптары бойынша әлемдік деңгейде баяндамалар жасайды.