Оқуға түсу

1-қадам
Жеке кабинет ашыңыз
www.admissions.nu.edu.kz сайтына кіріңіз, «Тіркеу» батырмасын басыңыз, содан соң тіркеу терезесінде ағылшын тілінде қажетті ақпаратты толтырыңыз.
Тіркеу аяқталғаннан кейін поштаңызға алынған сілтеме бойынша өтіп, тіркелуді растаңыз. Жеке кабинетте қолжетімді тіркеу рәсімі жөніндегі нұсқаулықпен танысыңыз.

2-қадам
Тіркеу жарнасын төлеңіз
Тіркеу жарнасы онлайн, жеке кабинетте "My application forms" бөлімінде банк картасымен төленуі тиіс. Назар аударыңыз: талапкер конкурсқа қатысудан бас тартқан жағдайда, тіркеу жарнасының сомасы қайтарылмайды.
3-қадам

Аппликациялық нысанды толтырыңыз
"My application forms" бөлімінде жеке кабинетте "foundation application form"таңдаңыз. Барлық қажетті ақпаратты дұрыс толтырғаныңызға көз жеткізіп, «Upload»батырмасын басыңыз.
4-қадам
Қажетті құжаттарды жүктеңіз
Өтініш нысанын толтырғаннан кейін сізге мыналарды жүктеу қажет болады:
• оқу орнынан анықтаманың (шаблонға сәйкес) немесе аттестаттың/дипломның қосымшасымен (болған жағдайда) сканерленген көшірмесін
• дербес деректерді өңдеуге қол қойылған келісімді (шаблонға сәйкес)
• жеке куәлік немесе паспортты

• бар болса, IELTS/TOEFL сертификатының көшірмесін.

5-қадам
Тіркеу процесін аяқтаңыз

Жоғарыда аталған барлық әрекеттерді аяқтағаннан кейін «SUBMIT APPLICATION» батырмасын басыңыз.
Назар аударыңыз: тіркеу аяқталғаннан кейін аппликациялық нысанға ешқандай өзгеріс енгізу мүмкін емес.

6-қадам
Бұдан арғы әрекеттер

Емтиханнан 1-2 апта бұрын өз email-іңізді үнемі тексеріп отырыңыз. Емтихан өтетін күн, уақыты және орны туралы барлық ақпарат емтиханды өткізу қағидаларымен бірге сіз көрсеткен email-ге жіберіледі.
Есіңізде болсын, кейде университеттің хаттары Спам папкасына түсуі мүмкін.
Егер сізде тіркеу процесінде қандай да бір қиындықтар болса, email-ді мына мекенжайға жіберіңіз: foundation_admissions@nu.edu.kz. Өз ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен сізге берілген үміткер нөмірін көрсетуді ұмытпаңыз.