NUET (NU Entrance Test) – Назарбаев Университетінде білім алу үшін талапкердің академиялық дайындық деңгейін анықтайтын тест.
Талапкердің «Математика» және «Сыни тұрғыдан ойлау және мәселелерді шешу дағдылары» пәндері бойынша білімі бағаланады.
Сұрақтар саны – 60.
Тест мазмұны – бірнеше жауап нұсқалары бар сұрақтар.
Тест ұзақтығы – 120 минут. Ең төменгі өту балы – 120, бұған қоса әр пәннен ең төменгі өту балы – 50. Мысалы: 50 балл + 70 балл = 120 балл - жалпы өту балын алу үшін пәндер бойынша балдардың ең төменгі қосындысы.
Талапкер Foundation бағдарламасына және «NUET талапкерлері» категориясы бойынша бакалавриат бағдарламасына өтінімдерді берген жағдайда, тестке бір рет шақырылады және тестті 1 рет қана тапсырады. Сондықтан екі бағдарлама бойынша өтінім беру нысандарында тест тапсыру қаласы бірдей болуы қажет. Foundation және бакалавриат бағдарламаларының Қабылдау комиссиялары бір емтихан нәтижесін қарастырады.
Емтихан нәтижесі 6 аптадан кейін Жеке кабинетте орналасады.
Емтиханға кіру рұқсаты туралы ақпарат талапкердің Жеке кабинетінде орналасады.
Емтиханға шамамен 5 күн қалғанда талапкердің электрондық поштасына емтиханның өтетін орны немесе форматы, уақыты, қажетті құжаттар мен емтихан ережелері туралы ақпарат жіберіледі.
Емтихан кестесі «Маңызды күндер» бөлімінде жарияланған.
Егер тестілеуден өту ережелері немесе шарттары бұзылған болса, талапкердің нәтижелері жойылады. Бұл жағдайда, талапкер конкурстан шығарылады. Конкурсқа қатысу құқығынан айырылған (дисквалификацияланған) талапкерлер болашақта НУ-ға оқуға түсе алмайды.