News_KZ

NUFYP студенттері қоғамда оң өзгерістер жасауда

Көшбасшылық негіздері пәні аясында Student Leadership Challenge (SLC) жобалары жүзеге асырылды. Бұл жоба студенттерді көшбасшылық қабілеттерін дамытуға және қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді атсалысуға бағыттайды.

“The Voices of Tomorrow” тобы (16-топ) «Бақытты Шаңырақ» қорының қамқорлығындағы балаларға арнап 67 кітап жинап, тапсырды. Бұл бастама балалардың білім алуына мүмкіндік беріп қана қоймай, қоғамның осы мәселеге назар аударуына ықпал етті.

Project Umit (1-топ) SOS Балалар ауылындағы балаларға көмек көрсетуге бағытталған. Қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырып, 51 000 KZT жинады. Бұл қаражат балалардың ең қажет тауарларын сатып алуға жұмсалды.

Senim (1-топ) мүмкіндігі шектеулі адамдарға тең мүмкіндіктер жасау мәселесін көтерді. “GreenTal” әлеуметтік кәсіпорнының негізін қалаушы Емин Аскеровпен кездесу ұйымдастырып, инклюзивті орта құрудағы қиындықтар мен табысқа жету жолдары талқыланды. Сондай-ақ, студенттер «Паралимпиец» фильмінің көрсетілімін өткізіп, Orda Autism орталығы мен Bravo Pizza әлеуметтік кафесіне барып, ерекше жандардың жұмыс істеу мүмкіндіктерімен танысты.

SLC жобалары NUFYP студенттерін көшбасшылық дағдылармен қаруландырып, олардың маңызды әлеуметтік бастамаларды қолға алуына және қоғамға үлес қосуына мүмкіндік береді. Бұл жобалар жастардың нақты өзгерістер жасай алатынын көрсететін тамаша үлгі.

Біз студенттерімізбен мақтанамыз және олардың бастамаларын қолдайтын барша жандарға алғысымызды білдіреміз!