News_KZ

Тиімділігі жоғары адамдардың 7 дағдысы

Стивен Кови – американдық оқытушы және ұйымдастырушылық басқару, өмірді басқару мен жетекшілік ету мәселелері жөніндегі консультант, дәріскер және жеке тиімділік тақырыбында жазылған бірнеше кітаптардың авторы, философия докторы. Іскерлік басқару саласында бакалавр дәрежесі және МВА дәрежесі бар. Өз кезінде Англиядағы мормон миссионері, мормондардың ирландық миссияның президенті, «Franklin Covey» компаниясының директорлар кеңесі төрағасының орынбасары болды.
Әкелік дәрежесі үшін сыйлық (Ковидің 9 баласы және 52 немересі бар), адамзат алдындағы еңбегі үшін медаль, бейбітшілік  ісіне қосқан үлесі үшін Сикх сыйлығын, «Жыл кәсіпкері» халықаралық сыйлығын және «Жыл кәсіпкері»  ұлттық сыйлығын алды, «Жылдың сөз шешені» атағына ие болды және «Time» журналының нұсқасы бойынша 25 ең ықпалды американдықтардың тізіміне енгізілді.
2011 жылы «Time» журналы «Тиімділігі жоғары адамдардың 7 дағдысы» атты кітапты бизнес туралы ең ықпалды кітаптардың бірі деп атады.
Стивен Кови әңгімелейтін алғашқы үш дағды адамның ішкі әлеміне бағытталған және оның өзін-өзі басқару қабілетін белсендіреді. Олар әр адамның мінезін дамытудың негізі болып табылады. «Жеке жеңістердің» арқасында ғана адам сыртқы тиімділіктің үш дағдысы – командалық  жұмыспен, өзара әрекеттестікпен және коммуникациямен байланысты қоғамдық жеңістерге  қол жеткізуге мүмкіндік беретін тәуелсіздікке ие бола алады. Жетінші дағдыға келетін болсақ, ол барлық қалған дағдылар  үшін байланыстырушы буын болып табылады, тұрақты және теңдестірілген дамуды білдіреді.
1-дағды – Белсенді  болыңыздар
Адам әрқашан таңдау еркіндігіне ие болады және ол өз өмірінде болып жатқан әрбір нәрсеге өзі жауапты болады. Сондай-ақ оның іс-әрекетіне мән-жайлар немесе орта емес, оның өзі ғана әсер етеді.
Көптеген адамдар өмірді өзгерте алатын маңызды оқиғалар өздігінен пайда болады деп санайды. Олар біреу олардың өмірін жақсырақ етуге тырысады деп үміттеніп күтеді. Бірақ елеулі нәтижелерге проблемелер туралы ойлайтындар емес, сол проблемаларды шешетіндер,  сылтау іздейтіндер емес, шешім табуға тырысатындар қол жеткізеді. Мұндай адамдар үшін тіпті бір «қолдаймын» деген сөз  тоқсан тоғыз «қарсымын» деген сөзден әлдеқайда маңызды.
Белсенділік  принципі  «іштен сыртқа қарай» болатын өзгерістерге әкеледі. Бір нәрсені сырттан  табу мен оны өзгертудің ешқандай мағынасы жоқ. Егер сіз жағдайға шынымен әсер етуді қаласаңыз, тек өзіңізге берілген билікпен жұмыс істеуіңіз керексіз – бұл  өзіңізсіз.
2-дағды – Мақсатыңызды көздей отырып, алға ұмтылыңыз
Егер сіз өзіңіз үшін ең маңыздысы не екенін түсінсеңіз, ал одан кейін өзіңіз үшін шын мәнінде маңызды нәрсемен күн сайын айналысу үшін өз санаңызда сол  бейнені үнемі сақтап қалсаңыз, сіздің өміріңіз өзгеше болады. Тиімділіктің негізі түпкілікті мақсатты анық түсіну болып табылады. Әйтпесе, сіз қанша күш жұмсасаңыз да, ештеңе өзгермейді.
Ковидің айтуынша, барлығы екі рет жасалады. Бастапқыда адамның ойында, ал кейіннен физикалық түрде пайда болады.  Егер зат  әлі іске асырылмаған  болса да, оны өзгертуге ұмтылу айқындаушы негіз болып табылады.
Сіз шығармашылық ойлау мен қиялды қолдана отырып, жаңа өмірлік сценарийлерді қалыптастыру үшін жауапты боласыз.
3-дағды. Алдымен істелуі керек нәрсені жасаңыз
Өзін-өзі басқару дегеніміз тәртіптілікті, орындаушылықты, белгіленген тәртіпті ұстануды білдіреді. Ең алдымен қазіргі уақытта аса маңызды болып табылатын өзекті мәселелерді шешу қажет. Сіз басымдықтарды белгілеп, егер қажет болса, мәнді емес мәселелердің  бәрін екінші жоспарға шегеруіңіз керек.
Көптеген адамдар шұғыл істерді орындауды бастаған кезде қателесуге жол береді – ең маңыздысын орындау әлдеқайда тиімді, ал одан кейін өз қаражаты мен ресурстарының дамуы мен нәтижеліліктің өсуі арасындағы тепе-теңдікті сақтап қалу керек деп ойлайды. Тиімді адамдар проблемаларды емес, мүмкіндіктерді ойлайды.
4-дағды. «Жеңдім/жеңіп алдым» деген рухпен өмір сүру
«Жеңдім/жеңіп алдым»  позициясын басқа адамдармен өзара іс-қимыл жасау барысында өзара тиімділікті іздестіруге бағытталған ақыл-ой мен жүректің ерекше көңіл-күйі деп атауға болады. Кейде өзара тиімді шешімдерді табу өте қиын болғанымен, бұл қажеттілік болып табылады, өтпеген жағдайда болашақта екі тарап та ұтылатын болады.
«Мәжбүрлемеу»  стратегиясын қолдану ұсынылады, сіз өз оппонентіңізбен бірге өзара келісімде бола отырып, барлық бұрынғы уағдаластықтарды екінші жоспарға жылжытасыз. Ия, сіздерде ешқандай жаңа келісімдер жоқ,бірақ ешқандай босқа үрейленулер де  жоқ болады.
Өзара іс-қимылдың осындай түрін құру шамалы жұмыс болып табылады және әріптестікке қол жеткізу үшін сізге мақсаттарға қол жеткізуде жігерлі болу және басқалардың мүдделеріне мұқият болу қажет.
5-дағды. Алдымен түсініп білуге, содан кейін түсінікті болуға тырысыңыз
Таңқаларлық жәйт, жақсы сөйлейтін адам емес, керісінше мұқият тыңдай білетін адам өз идеяларын анық және сенімді жеткізе алады.  Сіз өз позицияңызды дәлелдеу немесе  онымен бөлісу емес, түсіну ниеті бар тыңдау қабілетін – эмпатикалық  тыңдау  дағдыларын меңгеруіңіз керексіз. Мұның мәні біреумен жай ғана келісу емес, басқа адамды мүмкіндігінше жақсы түсіну болып табылады.
Мәселені көтерер алдында, жағдайды бағалау және қорытындыны тұжырымдау алдында, өз ойларыңызды баяндаудан бұрын позицияға басқа ракурстан қарауға тырысыңыз. Сіз сенім мен ашықтыққа көңіл аударуыңыз керексіз.
6-дағды. Синергияға қол жеткізіңіз
Стивен Ковидің пікіріне сәйкес  синергия дегеніміз команданы қалыптастыру, командалық ойын, ұйымшылдық, басқа адамдармен шығармашылық қарым-қатынас болып табылады. Егер адамдардың қарым-қатынасы туралы айтатын болсақ, онда тұтас зат жеке бөліктердің сомасынан артық болуы мүмкін. Егер синергияға қол жеткізілсе, шын мәнінде тамаша шешімдер табу мүмкіндігі пайда болады.
Шын мәнінде тиімді тұлға өзін мұқият бағалайды,өз қабылдауының шектеулігін мойындайды және басқа адамдармен өзара іс-қимылда сарқылмайтын мүмкіндіктердің көзін көре алады. Мұндай тұлға адамдар арасындағы айырмашылықтарды лайықты бағалайды, өйткені олар оның қоршаған әлем туралы білімін толықтырады.
7-дағды. «Араны қайраңыз»
Жетінші дағдының мәнін дәл түсіну үшін сіздерге автордың дәйексөзін келтіреміз:  «Ағашты бес сағат бойы арамен кесіп жатқан адамды елестетіңіз, бірақ сіз оған араны қайрау үшін бірнеше минут үзіліс жасауға кеңес бергенде, ол: «Менің араны қайрауға уақытым жоқ! Маған ағашты арамен кесу керек» - деп жауап береді.
Бұл дағды ең соңғы болып табылады және барлық қалған дағдыларды біріктіреді, өйткені тек оның арқасында оларды қолдануға болады. Жетінші дағы біздің негізгі ресурсымызды – өзімізді қолдауға және дамытуға бағытталған. Оның мәні біздің табиғатымыздың физикалық, рухани, зияткерлік және әлеуметтік-эмоциялық сияқты төрт өлшемін үнемі жаңартып отыруды  білдіреді, ал олар біздің жеке ресурстарымыз бен құралдарымыз болып табылады.
Тиімділікті дамыту
Әрине, тұтас тұлға мен жақсы мінезді қалыптастыру және қызмет пен махаббатқа толы өмір сүру оңай емес. Алайда, бұлардың да орындалуы өте мүмкін. Өз болмысының негізі ретінде дұрыс қағидаттарды ұстану, басқа адамдар міндеттеген стереотиптер мен парадигмалардан құтылу, сондай-ақ бізге лайықсыз әдеттердің иллюзиялық жайлылығынан арылу ниеті жақсылықтың бастамасы болып табылады.
Күнделікті жеке жеңістер мен іштен сыртқа бағытталған іс-әрекеттердің арқасында  сіз міндетті түрде нәтижелерге қол жеткізесіз. Егер өз өміріңіздің нақ ортасына дұрыс ұстанымдарды орналастыра алатын болсаңыз және өз іс-қимылдарыңыздың тиімділігі мен іс-қимылдарыңызды дамытудың арасындағы байланысты қолдайтын болсаңыз, сіз барынша бақытқа толы тиімді және пайдалы өмір сүре аласыз.
2022-06-05 10:00