News_KZ

NUET талапкерлеріне арналған ақпарат

Құрметті талапкерлер,

Nazarbayev University Entrance Test (NUET) тестіне қатысу ақылы негізде өткізіледі.

NUET құны - 5000 теңге.

“NUET талапкерлері” санаты бойынша өтінімдерді қабылдау мерзімі - 2025 жылғы 27 қыркүйек - 20 қараша, 14:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша).

Қалай өтінім беруге болады:
  1. admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашыңыз.
  2. Өтінім беру нысанын толтырып, қажетті құжаттарды жүктеңіз.
  3. “Pay and Submit application” батырмасын басу арқылы өтінімді жіберіңіз. Назар аударыңыз:
  • Тіркеу жарнасы қайтарылмайды;
  • Өтінім жіберілгеннен кейін өзгерістер енгізу мүмкін емес.
4. 2025 жылғы 8 желтоқсан, сағат 23:59-ға дейін (Астана уақыты бойынша) IELTS/TOEFL iBT нәтижелерін Жеке кабинеттегі нұсқаулық бойынша жүктеңіз.

Конкурстық іріктеу және талаптар туралы толық ақпарат осы сілтемеде қолжетімді.

NUET күндері мен төлем бойынша ақпарат кейінірек жарияланады.

Сұрақтарыңыз бар ма?
Талапкерлерді қолдау орталығына хабарласыңыз:
Телефондары: +7 (7172) 64 25 84, +7 (747) 094 02 30
Email: info_admissions@nu.edu.kz

Талапкерлерге сәттілік тілейміз!