News_KZ

Чек-лист: NUFYP - те оқуға не дайындау керек?

Емтихан уақыты аяқталды енді көп ұзамай сіздер көптен күткен қабылдау хаттарын аласыздар! Біз Сіздерді жақын арада Назарбаев Университетінің Дайындық Мектебінде көретінімізге өте қуаныштымыз! Біз, осы күзде академиялық сапарыңызды бастау үшін дайындап, өзіңізбен бірге алып келуіңіз керек оқу пәндерінің чек – листін жасадық.

1) Қаламдар мен дәптерлер. Қазіргі уақытта студенттердің көпшілігі ноутбуктар мен басқа электронды құрылғыларды пайдаланып жазбалар жасайды, бірақ біз сізге материалды жазуға кеңес береміз. Көптеген зерттеулерге сүйенсек қағаз бетіне жазатын студенттер жоғары балл жинайтынын және емтихандарды жақсы тапсыратынын көрсетті. Жазбаларды сақтау есте сақтауды арттырып, жоғары ұпайлар алуға көмектеседі!

2) Күнделік . Күнделік маңызды оқиғаларды есте сақтауға, оқу кестесін сақтауға және уақытты тиімді жоспарлауға көмектеседі. Бұл сізге академиялық және мансаптық өмірде пайдалы болатын уақытты басқаруды жақсартудың ең жақсы тәсілдерінің бірі.

3) Спорттық киім. Спорттық киімдерді өзіңізбен бірге алып келу туралы ойланыңыз, өйткені Назарбаев Университетінде бізде студенттерге арналған спорт орталығы мен бассейн бар. Назарбаев Университетінің Университет Алдындағы Дайындық Бағдарламасының студенттері бола отырып, бізде әртүрлі спорттық командалар мен хоббимен айналысуға мүмкіндіктер бар. Спорт стресс деңгейін төмендету үшін маңызды, денсаулық пен жақсы мінезді қалыптастыру үшін пайдалы екендігі кеңінен танымал.

4) Техникалық құрылғылар. Ноутбук қазіргі уақытта университет студенттері үшін негізгі қажеттілік болып табылады. Мұғалімдер жазбалар мен кеңестерді онлайн платформаларға салады, ал жазбаша тапсырмалар компьютерде жақсы орындалады. Флэш-дискінің, қуаттаушының және құлаққаптың болуы сіздің студенттік өміріңізді жеңілдетеді және жағымды етеді.

5) Қайта пайдалануға болатын су бөтелкесі. Біздің денсаулығымыз үшін су қажет екені ешкімге құпия емес . Біз Назарбаев Университетінде экологиялық бастамаларды қолдаймыз және тұрақты дамуға сенеміз, сондықтан планетаның пластиктен ластануын азайту үшін қайта пайдалануға болатын су бөтелкелерін пайдалануға кеңес береміз. Сондай-ақ, қайта пайдалануға болатын бөтелкедегі суды ішу арқылы ақша үнемдеуге болады.