NU-дың Дайындық мектебі BALEAP Британиялық академиялық мақсаттар үшін ағылшын тілі оқытушылары қауымдастығының аккредитациясын екінші рет растады.
2019 жылдан бастап NU – BALEAP қауымдастығының институционалдық мүшесі. 2020 жылғы ақпан айында NU Дайындық мектебі Foundation бағдарламасының “Академиялық мақсаттар үшін ағылшын тілі” курсы бірінші рет қауымдастықтың аккредитациясын алған. Айта кету керек, NU – осы аккредитацияны алған ТМД-дағы бірінші университет, бұл өз кезегінде Дайындық мектебінің Foundation бағдарламасының сапасы жоғары екенін дәлелдейді.
“BALEAP ұйымының аккредитациясын растау – біздің бағдарламаның жоғары дәрежелі екенінің айғақ дәлелі. Бұл біздің стандарттарымыздың әлемнің мықты университеттері, әсіресе Ұлыбритания оқу орындарына, сай екенін білдіреді. Студенттеріміз алып жатқан білімдерінің сапасына сенімді болуы керек, ол жастарды болашақ академиялық және кәсіби қызметке жақсы дайындайды”, — деді Роберт ДОБЛЕР – NU Дайындық мектебінің бас директоры.
Оның айтуынша, бұл аккредитацияның Қазақстан үшін маңызы зор, ол университеттің бүкіл өңірге сапалы білім ұсынуға деген талпынысын айғақтайды. NU студенттері үшін көптеген мүмкіндік ашып, олардың халықаралық деңгейде бәсекеге түсіп, жетістікке жетуіне жол ашады.
“Біз бұл жетістікпен мақтанамыз, сондай-ақ студенттеріміз академиялық бастамаларға лайықты база жинауы үшін жоғары стандарттарды ұстануды жалғастырамыз”, — деді Р. Доблер.
Бұл аккредитацияны Оксфорд, Хериот-Уотт, Дарем, Глазго, Лондон колледж университеті және т.б. сияқты бүкіл әлемге танымал беделді университтер алған.
Анықтама: BALEAP – академиялық мақсаттарда ағылшын тілін зерттеуге және оқытуға арналған ұйым. Ол 1972 жылы SELMOUS (Шетелдік студенттерге арналған арнайы ағылшын тіліндегі материалдар) ретінде құрылды, содан кейін екі рет атауын өзгертті. BALEAP қазір қолданбалы лингвистика және академиялық мақсаттарға арналған ағылшын тілі саласындағы жетекші халықаралық қауымдастықтардың бірі саналады.