НУ Дайындық мектебінің студенттері Айя Шалқарды шақырды: Мәдениет, өнер және қазақ тілі туралы әңгіме
Көшбасшылық жобалары аясында НУ Дайындық мектебінің студенттері Қазақстанның заманауи өнері мен мәдениетін дамытуға қосқан үлесімен танымал болған дарынды суретші, мәдениет зерттеушісі, блогер және қоғам қайраткері Айя Шалқарды шақырды.
Айя Шалқар өз елінің мәдени мұрасын тарату мен сақтауға арналған білім беру және мәдени жобаларға белсенді қатысады. Оның жұмысы Қазақстанның мәдени дәстүрлерін терең түсінумен және сүйсінумен ерекшеленеді . Ол осы сүйіспеншілік пен құрметті өз шығармашылығы арқылы жеткізуге тырысады.
"Mura project" деп аталатын студенттік көшбасшылық жоба қазақ тілін, мәдениеті мен өнерін танымал етуді көздейді. Команда құрамында Жасмина Қожамбет, Фариза Темербулатова, Арсен Өстемір және Алинұр Кенжехан бар. Жоба супервайзеры – Эльмира Тұрсынханова.
Айя қатысқан "Mura project" жобасы қазіргі қазақ болмысын зерттеп, оны танытудың жаңа жолдарын іздеуге арналған. Айя Шалқар жобаға қатысушыларға өз елінің өнері, мәдениеті мен тілі туралы түсініктерін қалыптастыру үшін өз білімі мен тәжірибесімен бөлісті. Жоба аясында студенттер ұйымдастырған «NU Art Revolution» студенттік қоғамдастығымен бірлескен өнер көрмесі тек шығармашылық алаңы ғана емес, сонымен қатар, заманауи қазақ болмысы туралы идеялар мен пікір алмасу мүмкіндігіне айналды.
“25th July Cinema” студенттік қоғамдастығы студенттердің Айя Шалқармен кездесуінен бейне және фотоматериалдар дайындады.
Айя Шалқарғашараға қатысқаны үшін, және бүкіл студенттік ұжымға шараны ұйымдастырғаны үшін алғысымызды білдіреміз.