Дайындық мектебінің студенттері көшбасшылық жобалар аясында Азамат Скаковты қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі – прокрастинация мәселесін талқылауға шақырды.
“Task Flow” (Тапсырмалар ағыны) деп аталатын студенттік көшбасшылық жобасы прокрастинациямен күресу және өнімділікке жету әдістерін зерттеуге бағытталған. “Task Flow” командасының құрамында: Жандәулет Сейдеханов, Думанбек Ерқанат, Ақжан Бөкен және Жанира Айдарбекова бар. Жоба супервайзеры – Эльмира Тұрсынханова.
Азамат – мұғалім, «Sеn» кітабының авторы, фитнес-тренер, триатлоншы, спикер, ММА боксшысы, саяхатшы және жеті тілді меңгерген полиглот.
Оның презентациясы студенттер үшін прокрастинацияны жеңуге және уақытты тиімді пайдалануға көмектесетін әдістер мен тәсілдер туралы болды. Азамат тек теориялық біліммен ғана емес, күнделікті өмірде әркім қолдана алатын практикалық кеңестермен де бөлісті.
Осы кездесуді ұйымдастырған студенттерге бастамалары мен дамуға деген ұмтылысы үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ, Азаматқа студенттерге берген құнды білімдері үшін және олардың уақытты тиімді басқару дағдыларын дамытуға көмектескені үшін алғыс айтамыз.