Foundation бағдарламасы туралы алғаш рет қалай білдіңіз?
Foundation бағдарламасы туралы мен Назарбаев Университетін бітірген әпкемнен білдім. Бала күнімнен бастап осы университетте оқуды армандадым, өйткені мұнда елдегі ең білімді адамдар оқиды деп ойлайтынмын — мен де солардың қатарында болғым келді.
Неліктен дәл NUFYP бағдарламасын таңдадыңыз?
Мектеп бітірер жылы мен шетелде оқуды ойлай бастадым,сол үшін әр түрлі нұсқаны қарай бастадым,сонымен қатар Қазақстандағы университеттерге түсуге де дайындалдым. Сол кезде менің түсінгенім мен өзімді асыра бағалаппын,өйткені шетелде оқыған кезде қаншалықты қиын болатынын түсінбеппін мысалы қасымда жақын адамдарымның болмауы және менің жалғыз шет елде жалғыз өмір сүру қиын болатыны.
Мен Венгриядағы «Болашақ» бағдарламасына техникалық қателік салдарынан өте алмай қалдым — мен ол жерге барлығы тапсырып жатырғаннан кейін тапсырдым, бірақ ол маған қаншалықты керек екенін ойламаппын. Сонымен қатар мен Оңтүстік Кореяда оқуды армандадым, алайда сол елге барғаннан кейін, өкінішке қарай, бұл ел маған толықтай сәйкес келмейтінін түсіндім. Содан кейін мен менторлармен кеңес алдым, кейін мектеп бітірген соң Қазақстанда қалғаным дұрыс болатынын, өз-өзіме қамқор болуды үйренуім, білімімді арттыруым және пайдалы байланыстар орнатуым керектігін түсіндім.Сақтық үшін үшінші пән бойынша да емтихан тапсырып, жергілікті университеттерге түсу мүмкіндігін қалдырдым, бірақ мен үшін басты басымдық Назарбаев Университеті болды. Астанада оқысам, туған қалама жиірек бара алар едім. Сонымен қатар, мектепті бітіргенде болашақ мамандығымды анықтай алмай жүрдім — мұндай жағдай көптеген түлекте кездеседі деп ойлаймын. Мені бірнеше сала қызықтыратын, нақты шешім қабылдау қиын болды. Foundation бағдарламасы түрлі бағыттармен танысып, жоғарғы курс студенттерімен сөйлесуге мүмкіндік берді. Сондықтан NUFYP — мен үшін келесі оқу кезеңіне тамаша дайындық болды.
Университетке түсуге қалай дайындалдыңыз?
Менің жолым болды деп айтсам болады себебі менде Назарбаев Университетіне түсуге дайындалу үшін дайындық материалдарына тегін қолжетімділігім болды. Мен НЗМ-де оқыдым, және мұғалімдеріміз жарты жыл бойы математика мен сыни ойлау пәндерінен қосымша сабақтар өткізді. Менің дайындалуым аса қарқынды болмады, өйткені мектеп пәндерінен де бос болмадым, бірақ дайындық тұрақты жүрді. IELTS бойынша мен қосымша репетитормен дайындалдым және мектептегі дайындық сабақтарына қатыстым. Мен мектебіме және мұғалімдеріме осындай жақсы база мен құрылым үшін алғысым шексіз — онсыз өзімді дайындауға итермелеу қиын болар еді.
Түсуге дайындалып жатқан талапкерлерге қандай кеңес берер едіңіз?
Әр адамға дайындықтың әртүрлі тәсілі жарасады — біреулер дедлайнның қысымымен қысқа мерзімде тырысады, ал біреулер ерте бастайды. Меніңше, ең маңыздысы — ұзақ мерзімді тұрақты дайындық. Бұл тапсырмалар форматына үйренуге және оларды шешу тәсілдерін меңгеруге көмектеседі. Әрине, кейде жалқаулық немесе уақыт жетіспеуі мүмкін, бірақ емтиханға алты ай қалғанда аптасына бір рет дайындалсаң да, бұл мүлде дайындалмағаннан жақсы. Тағы бір нәрсе: болашақ мамандығыңызды нақты білмесеңіз, уайымдамаңыз — Foundation бағдарламасында ойланып, өзіңізге шын мәнінде қызықты саланы таңдауға уақытыңыз болады.
Биылғы оқу жылында есіңізде ең көп не қалды?
Биыл мен алғаш рет үйден ұзақ уақыт алшақ өмір сүрдім, және жалғыздықты сезіне бастадым. Өмірімде бір мезгілде әр түрлі адамдар мен қатар әрі жалғыздық пайда болды. Керемет адамдармен танысып, шынайы достар таптым, отбасыммен жиі сөйлесіп тұрдым. Бірақ соған қарамастан, кей сәттерде өзімді жалғыз сезінетінмін. Бұл — есейген сайын кездесетін қалыпты жағдай деп ойлаймын, үлкен адамдардада кейде осылай сезінеді. Сол себептен мен жалғыз қалғанда да өзімді толыққанды сезіне білу, жалғыздықты қабылдап, онымен пайдалы уақыт өткізу маңызды бола түсті.
Болашақта сізге міндетті түрде қажет болатын қандай дағдылар немесе білімдерге ие болдыңыз?
Foundation бағдарламасында ағылшын тілінен оқытушым маған академиялық мәтіндерде қысқалық пен дәлдік маңызды екенін үйретті. Бұрын ана тілімде эссе жазғанда күрделі сөздерді көп қолданатынмын да, осы әдетімді ағылшын тіліне де алып келдім. Нәтижесінде мәтіндерімнің құрылымы түсініксіз болып, артық сөздер көп болды. Қазір мен мұндай жағдайдың қажеті жоқ екенін түсіндім, дегенмен ойымды анық жеткізуге әлі де үйреніп жүрмін. Ағылшын тілінде қысқа әрі түсінікті жазу — бұл маған әрі қарайғы оқуымда және мансабымда қажет болатын маңызды дағды.
Студенттік кеңеске неге үміткер болуға шешім қабылдадыңыз?
Мектептің жоғары сыныптарында мен волонтерлік клубтарда бірнеше көшбасшылық қызметтер атқардым және адамдармен жұмыс істеп, іс-шаралар мен жобаларды ұйымдастырудан ләззат алатынмын. Университетте де осы бағытта жұмыс істегім келді, сондықтан студенттік кеңеске қосылуға шешім қабылдадым. Менуниверситетіме пайдамды тигізгім келді келді және университеттің бір бөлігі ретінде сезінгім келді. Сонымен қатар, менде бар көшбасшылық дағдыларымды командаға бергім келді және бұл менің қолымнан келді деп үміттенемін.
NUFYP Студенттік кеңес Президент ретінде қызмет етуде ең қызықты немесе күтпеген нәрсе не болды?
Студенттік кеңестің президенті ретінде маған ең маңызды әрі қызықты жаңалықтардың бірі — алдымен тыңдап, содан кейін ғана сөйлеу қажеттігі болды. Біздің командамызда өте ақылды және қабілетті қатысушылар болды, мен олардың идеяларын тыңдап, қолдау керек екенін түсіндім. Бұл мен үшін жаңа тәжірибе болды, өйткені бұрын бастамалар көбінесе менің немесе менің серіктестерімнің тарапынан болатын, ал енді басқаларға мүмкіндік беру керек екенін ұқтым. Мен бір қадам артқа шегініп, өзгелерге өздерін көрсетуге мүмкіндік беруді үйрендім. Бұл жыл мен үшін үлкен сабақ болды және тиімді көшбасшылық туралы түсінігімді өзгертті.
Командаңыз қалай болды? Осы жыл ішінде көшбасшылық туралы нені үйрендіңіз?
Біздің команда өте шығармашыл және түсіністікпен қарайтын қатысушылардан тұрды, олар осы жылды басқа студенттер үшін қызықты әрі мәнді етуге тырысты. Қазіргі және бұрынғы студенттік кеңес мүшелері өз уақыты мен күшін бөліп, басқаларға көмектесті, мен бұл істі өте құрметтеймін. Әрине, кез келген командада болатын сияқты, бізде де кейде түсініспеушіліктер болды, бірақ біз жалғыз болмадық. CPS ұйымының менеджерлері — Эрик Венте мен Айсұлу Балтыхан бізді қолдап, бағыт-бағдар берді. Осы тәжірибе арқылы мен адамдарды қолдап, оларды көруге, психологиялық тұрғыдан жайлы орта құруға негізделген жұмсақ көшбасшылықтың маңызын түсіндім. Қызмет етуші көшбасшылық стилі — мен үшін қолайлы екенін сезіндім және оны өз күшім деп қабылдадым.
Жаңа NUFYP студенттеріне не тілер едіңіз?
Жаңа NUFYP студенттеріне академиялық табыстар мен ағылшын тілінде оқуға тез бейімделуді тілеймін. Сонымен қатар, Foundation бағдарламасы студенттік клубтарға қосылып, жаңа адамдармен танысып, өмір салтын қалыптастыруға тамаша мүмкіндік екенін атап өткім келеді. Оқу — маңызды, бірақ университеттегі жақсы тәжірибе — бұл тепе-теңдік. Өз қауымдастығыңыздың бір бөлігі болып, есте қаларлық сәттер жасау маңызды. Университеттегі оқу жылдары тез өтеді, сондықтан оларды қызықты өткізуге тырысқан жөн.
Foundation-нан кейін қайда оқуды жоспарлап отырсыз және неге?
Мен Назарбаев Университетінде «Экономика» мамандығына түсуді жоспарлап отырмын. Мен үкіметтер мен қаржы жүйелерінің қалай жұмыс істейтініне өте қызығамын. Бұл білімдер маған болашақта қажет, себебі болашақта өзімнің жеке бизнесімді ашқым келеді.
Оқу барысында қиын сәттерде мотивацияңызды қалай сақтадыңыз?
Менің жақын достарымның қолдауы, өзімді алға жылжуым және берілуге болмайтынын еске салу, және… ыстық шоколад :)
NUFYP-та сіз үшін ең есте қалған немесе жарқын сәт қайсы болды?
Бұл жыл мен үшін есте қаларлықтай болды, себебі мен ұзақ армандаған ісімді жүзеге асырдым — заманауи би клубына қосылып, би үйрене бастадым. Бұл менің ыңғайлы аймағымнан шыққан кішкентай қадамым болды, ол үлкен нәрсеге айналды. Мен Main Hall сахнасында біздің гала-концертте өнер көрсетіп, бірнеше қойылымға қатысатыныма сенбедім. Мен бұған мақтандым. Сол сахнада тұру мен үшін үлкен мәртебе болды, себебі мен дұрыс бағытта дамып келе жатқанымды түсіндім.
Егер осы жылды бір сөзбен сипаттасаңыз, ол қандай сөз болар еді және неге?
Мен бұл жылды «дөңгелек» деп сипаттар едім. Мен үнемі қозғалыста болдым. Әр күн сабақтармен, өз бетімше дайындықпен, би жаттығуларымен, тамақ пісірумен және студенттік кеңестегі міндеттермен толы болды. Бұл ырғақ маған құрылым мен тепе-теңдік маған өте маңызды екенін түсінуге көмектесті және мен өз тәртібімді одан әрі дамытқым келеді.