News_KZ

NU Campus Spring Clean Up Day

2025 жылғы сәуір айында Назарбаев Университетінің Center for Preparatory Studies қызметкерлері жыл сайынғы NU Campus Spring Clean Up Day экологиялық шарасына белсене қатысты.

Іс-шара барысында ұжым кампусты қоқыстан тазартып, жасыл желек отырғызуға атсалысты. Бұл — тек қоршаған ортаға үлес қосу ғана емес, сонымен қатар әріптестер арасындағы өзара түсіністік пен командалық байланысты нығайтудың бір жолы болды.

CPS ұжымы табиғатқа жанашырлықпен қарап, бірлесе әрекет етудің маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.
2025-04-28 11:24