News_KZ

Наурыз: NUFYP студенттері қазақ тілі, ұлттық бірегейлік және мәдениетті дәріптейді

Наурыз – бұл тек көктем мерекесі ғана емес, сонымен қатар мәдени мұраны жаңғырту уақыты. Назарбаев Университетінің NUFYP бағдарламасы студенттері Foundations of Leadership курсы аясында Student Leadership Challenge (SLC) 2024-2025 жобаларын жүзеге асыруда. Әр команда өздері үшін маңызды бағытты таңдаған, соның ішінде, кейбір топтар қазақ тілі, ұлттық бірегейлік және мәдениетті дәріптеуге баса назар аударды.

Kezeń тобының концерті Ornek командасы ( Арсен Әділбеков, Жания Жарас, Нұрали Акимбай, Бақтияр Атығаев) қазақ музыкасын заманауи аудиторияға жақындату мақсатында Kezeń тобын шақырды. Kezeń тобы дәстүр мен жаңа заманның үйлесімін көрсетіп, қазақ мәдениетінің күнделікті өмірізде әрдайым кездесетінін дәлелдеді.

Қазақ этно-жәрмеңкесі Sanaly Soz командасы (Айғаным Қазыбек, Шынар Магыдақасымқызы, Диана Асылханова, Әділ Оңғар, Жарқын Қуатбек, Ерназ Болатов) Kazakh Ethno Fair ұйымдастырып, келушілерді қазақ халқының ұлттық ойындары мен тағамдарымен таныстырды. Қонақтар асық ату, армрестлинг, ханталапай, ләңгі тебу сияқты дәстүрлі ойындарды ойнап, қазақ тілі мен әдебиеті бойынша викторина сұрақтарына жауап берді. Жеңімпаздарға ұлттық тағамдар мен сусындарға арналған купондар берілді.

Жоба ұйымдастырушылары NU Art Revolution Club, Kezeń тобы және барлық қатысушыларға алғыс білдіреді!

Жетекші оқытушылар: Ornek командасы – Аружан Камалова Sanaly Soz командасы – Гүлден Исина
2025-03-21 10:00