14 ақпанда Назарбаев Университетінің Foundation бағдарламасы студенттерінен құралған 24-топ (Financial Literacy Team) көшбасшылық жобалар (Student Leadership Challenge Projects) аясында Halyk Life басқарушы директоры Асель Төлеуғалиевамен қаржылық сауаттылық тақырыбында дәріс ұйымдастырды.
Асель Төлеуғалиева қатысушыларға қаржылық жоспарлау, жинақ және сақтандырудың қаржылық қауіпсіздіктің негізгі элементтері ретіндегі маңыздылығын түсіндірді. Дәріс барысында тыңдаушылар қаржылық шешімдерді қабылдау қағидаларын және өз болашақтарын қамтамасыз ету жолдарын үйренді.
Ұйымдастырушылар мен барлық қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғысымызды білдіреміз!