Университеттегі психикалық денсаулықты сақтау жөнінде
Университетке түсу кезеңі көптеген адамдар үшін беймаза уақыт болуы мүмкін. Биылғы жылғы әлеуметтік алшақтау және оқшаулану әдеттегі күдіктенумен қатар, қосымша алаңдаушылықтарды да туғызып отыр. Міне, сіздерге қиын кезеңдерді еңсеруге көмектесетін дәрігерлердің жақсы кеңестері:
Ұйқыңызды қандырыңыз Барлығы емдәм ұстауға, жаттығулар жасауға және серуендеуге тырысады, алайда біз ұйқының маңыздылығын түсінбей келеміз. Көңіл-күй, есте сақтау және метаболизм үшін ұйқының маңызы зор, сонымен бірге ол психикалық денсаулықты сақтауға көмектеседі.
Көмек сұраңыз Мазасыздық – студенттердің көмекке жүгінуіне тура келетін, жиі кездестіретін проблемаларының бірі. Егер сіз алаңдаушылыққа немесе мазасыздыққа бой алдырсаңыз, тамақ, алкоголь, ойын болсын, зиянды әдеттерден аулақ болыңыз. Жүректің жиі соғуы, тәбеттің жоғалуы және ойлау қабілетінің нашарлауы сияқты, физикалық белгілерге ғана назар аудармаңыз. Егер мүмкін болса, алаңдаушылық себебін анықтап, оны жойыңыз. Бұл себептерге мысал: жұмыста артта қалу, үйді сағыну немесе қарым-қатынасқа байланысты алаңдаушылық. Егер әлі де бойыңызды мазасыздық билесе, денсаулық және әл-ауқат орталығы мамандарының біріне немесе дәрігеріңізге жүгініңіз.
НУ қауымдастығының бөлігіне айналыңыз Жаңа жерде өзіңізді жақсы сезіну үшін ең алдымен қарым-қатынас орнату керек. Оны тұрғын үй, курс, кітапхана, еріктілер, қоғамдар немесе студенттер үкіметі арқылы жасай бастауға болады. Ең дұрысы, жеке қатысуыңыз болса да, көптеген әрекеттерді интернет арқылы жасауға болады және көптеген адамдар әлеуметтік желілер арқылы кездеседі. Атап айтқанда, еріктілікке басымдық беріледі, өйткені сіз басқа адамдармен танысасыз, түйіндемеңізге көп нәрсе қосасыз және жаңа дағдыларды меңгересіз.
Жағдайды бақылауға алыңыз Сенімсіздік сезімі – бұл қалыпты әсер. Ең бастысы – артқа қадам жасау, сабырлы болу және жүйелілікті сақтау. Есіңізде болсын, өмірдегі мақсатыңызды табу үшін уақыт қажет, бірақ сіз жаңа досыңызбен кездесу немесе жаңа нәрсені оқу болсын, күнделікті өмірдің мағынасын сезіне аласыз. Үлкен оқиға жайлы ойламауға тырысыңыз. Егер бәрі бақылаудан шығып бара жатқандай көрінсе, қолыңыздан келетінін жоспарлаңыз. Осы күні жасағыңыз келетін істердің тізімін жасаңыз немесе наурызда каникулды қайда өткізетіңізді немесе оқу аптасын өткізуді шешіңіз. Жалпы жағдай тым ауқымды болғанда өзіңіз бақылай алатын нәрсенің шеңберінде ғана әрекет етіңіз
Асықпаңыз Әдетте адамдар бірден көп жұмыс істей бастайды. Жетістікке жеткен жақсы ғой әрине, бірақ өзін-өзі жоғары ұстау синдромы және перфекционизм кері әсерін тигізіп, көңіл-күйіңіздің нашарлауына әкелуі мүмкін. Бірінші семестрдің ортасында шаршаған кезіңізде, орта жолда көңіліңіздің құлазуына жол бергіңіз келмейтін шығар. Қыс келгенде, бар күшін салып жұмыс істеп, көңіл-күйінің жақсы болуы үшін ештеңе жасамаса, адамдар үйін сағына бастайды.
Көршімен қарым-қатынаста епті болыңыз Пәтерде жақсы көрші болу керектігін ескерген жөн: менің консультацияма келдендердің көбісінің жанжалға тап болуы үйдегі мәселелерден туындаған. Сізге бейтаныс адамдармен тұруға тура келеді, сондықтан абай болыңыз, басқалардың бар екені есіңізде болсын және билеп-төстеуге тырыспаңыз. Пәтерде жақсы көрші болсаңыз, өзіңізді жақсы сезінесіз, өйткені адамдарға ұнасаңыз, басқалардың психикалық денсаулығын да қорғайсыз. Басқа қаладан келген студенттер үшін бұл кампуспен байланысты сезінуге көмектеседі және олар сол жерде көбірек уақыт өткізгісі келеді.
Қарым-қатынастарыңызды жоспарлаңыз Кейбір адамдар басқаларына қарағанда, үйін көбірек сағынады. Отбасыңызбен және достарыңызбен қалай және қаншалықты жиі сөйлесетіндігіңізді алдын ала келісіп алыңыз. Бірақ осы жерде жаңа адамдармен танысуға мүмкіндігіңіз болса, өз бөлмеңізде отырып, үйдегі достарыңызбен сөйлесуге көп уақыт бөлмеген жөн. Басқа жаңа студенттермен үй туралы сөйлесіңіз, өйткені жалғыз сіз ғана емес, ол да үйін сағынған болуы мүмкін. Егер сізге үйдегілермен қарым-қатынас жетіспесе, үнемі байланыста болуға уақыт бөліңіз, бірақ шынайы жағдайды есте ұстаңыз. Қашан сөйлесу немесе кездесу керектігін алдын ала жоспарлаңыз, бірақ жаңа міндеттемелерге мұқият болыңыз.