News_KZ

Өздігінен білім алу: Зиятты дамытуға арналған ең жақсы 5 кітап

Біз сізге зиятты дамытуға арналған ең жақсы 5 кітаптан тұратын топтаманы дайындадық.

1) "Limitless Mind" - Jo Boaler

Стэнфорд университетінің профессоры және оқытушысы Джо Боулер көптеген жылдар бойы таптаурындарды зерттеумен айналысқан. Балалық шақтан шыққан құрылымсыз нұсқамалар біздің ересек жаста үйренуімізге қалай әсер етеді? Бұл кітапта сіз туа біткен дарын ең алдымен дақпырт екенін білесіз! Ал шексіз әлеует барлығына қол жетімді!

2) "Mathematical Mindsets: Unleashing Students' Potential through Creative Math, Inspiring Messages and Innovative Teaching" - Jo Boaler

Бұл кітапта сіз математика мүлдем жалықтыратын пән емес екенін білесіз! Математика - бұл ең алдымен құрылымдық, нақты ойлау. Ол сіздің өміріңізде әлі бірнеше рет пайдалы болады. Бұл кітап сізге математикаға шығармашыл көзқарас береді. Математика сіз үшін емес деп ойлайсыз ба? - Бұл кітапты тезірек оқыңыз!

3) "Make It Stick – The Science of Successful Learning" – Peter C. Brown, Henry L. Roediger, Mark A. Mcdaniel

Бұл кітап сізге жақсы оқудың және ақпаратты есте сақтаудың табыс құпиясын ашады. Сіз еске түсіру техникасымен танысасыз. Бұл кітапты оқығаннан кейін сіз ақпаратты жаттап алусыз есте сақтауды үйренесіз.

4) "7 Transformative Keys to Increasing Empathy” - Helen Riess

Гарвард медицина мектебінің профессоры өз кітабында кез келген адамның көңілін табуға көмектесетін жеті кілт туралы айтады. Осы кітапты оқығаннан кейін сіз адамдардың эмоциялық күйін оқу қабілетін дамыта аласыз және осы әдістерді қарым-қатынас жасау кезінде сәтті қолдануды үйренесіз.

5) "The Organized Mind: Thinking Straight in the Age of Information Overload)" - Daniel J. Levitin

Бұл кітапта автор өз уақытын қалай дұрыс ұйымдастыру және сонымен бірге ақпараттың шамадан тыс жүктелуімен күресу туралы айтады. Бұл кітап сізге өнімді болуға және тиімді әрекет етуге үйретеді!
2023-06-19 11:44