Бағдарламалар

NUFYP бағдарламасына қысқаша шолу
Сізді университетте жетістікке тез жеткізетін бағдарлама!
-1-
Бағдарлама қанша уақытқа созылады?

Бағдарламаның ұзақтығы бір академиялық жылды құрайды

-2-
Бағдарламада оқу қанша тұрады?

Жыл сайын бағдарламада оқу үшін мемлекеттік гранттар бөлінеді. Сондай-ақ, қосымша гранттар бар толық ақпаратты мына жердентабуға болады.

-3-
Бағдарламаға түсу үшін не қажет?
  • Орта мектепті бітіргені туралы диплом
  • IELTS-әр секцияда 6.0 кемінде 5.0 немесе
  • TOEFL iBT 60 (writing -16, reading- 6, speaking-15, listening-5)
  • NUET тестінің нәтижелері
-4-
Бағдарламаның нәтижелері
  • Бағдарлама аясында Назабаев Университетінің бакалавриат бағдарламаларына қарқынды дайындық жүргізілуде. Бағдарлама тұлғалық дамуға, оқыту дағдыларын дамытуға, математика мен академиялық ағылшын тілін меңгеруге бағытталған
NUFYP – бұл «Назарбаев Университетінің университет алдындағы дайындық бағдарламасы». Бұл Назарбаев Университетіндегі студенттерді НУ және басқа да шетелдік университеттер сияқты, зерттеу университетінің жоғары бәсекеге қабілетті ортасында оқуға дайындайтын академиялық бағдарлама.

Неліктен Ұлыбританияның көптеген университеттері университетке дейінгі дайындық бағдарламаларын ұсынады? Бұл белгілі зерттеу университетінде оқу студенттердің орта мектепте істегендерінен өзгешелігінен болады. Бағдарлама орта мектептен университетке ауысуға көмектеседі.
NUFYP оқу бағдарламасы студенттерге университетке қажетті барлық дағдыларды дамытуға көмектесетін үш курстан тұрады: академиялық мақсаттар үшін ағылшын тілі, математика, көшбасшылық негіздері. Бұл курстар университет бағалайтын пәндік білімге бағытталған, олар ағылшын тілінің озық дағдылары, математикалық ойлау және сыни ойлау сияқты университетпен бағаланады. Сонымен қатар, NUFYP оқытушылары студенттермен өзіне деген сенімділікті, өзін-өзі тәрбиелеу әдетін, маңызды оқу дағдыларын және жеке тәуелсіздігін дамыту үшін жұмыс істейді.

Сонымен, NUFYP дегеніміз не? Бұл бакалавриат бағдарламасында оқуды академиялық және жеке жағынан жақсартуға көмектесетін арнайы бағдарлама! Сізді университетте жетістікке тез жеткізетін бағдарлама!