Member of Academic Department

Member of Academic Department

 

Менің атым Бельгужанова Зарина. Жасым 18-де. Павлодар қаласы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегімін. Қазір Назарбаев Университетінде Foundation бағдарламасында оқып жатырмын және Студенттік кеңестің мүшесі болып табыламын. Менің лауазымым Академиялық Департаментінің PR менеджері.
Мектеп кезінде белсенділік танытып, әр түрлі іс-шараларды ұйымдастыруды,басқаларға көмектесуді, мектеп әкімшілігімен бірігіп жұмыс жасауды ұнататынмын, оған қоса Студенттік кеңесте болдым. Сонымен қатар, мен “Забота” атты еріктілер клубының мүшесі болдым және көптеген қайырымдылық акцияларын екі ұйым бірге өткізген болатынбыз. Топта бірігіп жұмыс істеуді ұнатамын. Бос уақытымды басқа да іс-әрекеттерге арнауды жөн көремін, мысалы қазір мен волейболмен айналыса бастадым, гитарада ойнауды үйренудемін. Сондай-ақ, NU Theatre and Drama club жиналыстарына барамын.
Әр студенттің алғашқы жылдары тек көңілді ғана емес, кейде қиындықтарға толы болады. Егер біреу тез шешім таба білсе, екіншісіне бейімделу тұрғысынан мәселелерді шешу оңайға түсе бермейді. Сондықтан Студенттік кеңес біздің студенттерге барлық салада көмек көрсету үшін әрқашан дайын. Бұл ұйымның мүшесі болу, әрине, үлкен жауапкершілік. Мен өз және жемісті жұмыс істеймін деп уәде беремін.