Head of Social Department

Head of Social Department

Баршаңызга сәлем! Менің есімім Алима. Мен FYP студенттер кенесінің, әлеуметтік бөлімінін төрағасы болып табыламын. Мен үшiн Назарбаев Университетiнiң бөлiгi болу өте үлкен мәртебе.

Мен үшiн шығармашыл болу өте маңызды, себебi өз басым әрдайым көптеген iсшараларға қатысатынмын. Менде көптеген қайырымдылық ісшаралармен интеллектуалды сайыстарды ұйымдастыруда тәжірибем бар. Осы жылы біздің командамыз сіздер үшін пайдалы және қызықты ісшараларды ұйымдастырамыз деп үміттенеміз!
Енді жақынырақ танысу үшін өзім жайлы біраз қызықты фактылар айтып кетейін:
▪️Мен Өскемен каласынан боламын( ШҚО)
▪️Музыка және музыкаға байланысты барлық нәрсені ұнатамын. Ән айту, музыкалық аспаптарда ойнау мені шабыттандырып жақсы сезімдерге әкеледі. Укулеле, гитара, фортепиано сияқты аспаптарда ойнағанды ұнатамын.
▪️Балалық шағымнан би менің әуесіме айналды, және би дене икемділігін арттырып, жан рахатын толтырады.
▪️Менімен сөйлесіп, сұрақ койғыларыңыз келсе мен жауап беруге әрдайым дайынмын.
Менің ойымша, FYP жылында бірбірімізбен танысуға көптеген мүмкіндіктер бар, жәнеде осы жыл барлығымызға табысты болады деп үміттенемін!