little
Маркус Литтл
Position:
Office Phone:
Biography

Маркус Литтл АҚШ-та Орта Батыс штатындағы Индианадан. Бастапқыда ол флотта теңіз сүтқоректілерін үйретуші ретінде жұмыс істеді. Флотта төрт жыл қызмет етіп, Либерти университетінде дінтану магистрі дәрежесін алды. Ол Либерти университетінде бес жыл бойы сабақ берді, содан кейін 2012 жылы Сайпанға көшіп келіп, шағын халықаралық колледжде ағылшын тілі мен басқа да пәндерден сабақ берді. ол Сайпанда болған кезінде ағылшын тілін екінші тіл ретінде үйретуді ұнататынын түсінді. Сондықтан екі жыл өткен соң, 2014 жылы кері қайтып, Либерти университетінде ағылшын магистрі дәрежесін алуға шешім қабылдады. Дәреже алғаннан кейін, 2015 жылы Маркус Сауд Арабиясына көшті, онда университетке ағылшын тілінен сабақ берді. Сауд Арабиясында екі жыл болып, 2017 жылы Дубайға көшіп келді, онда БАӘ әскери қызметкерлеріне ағылшын тілінен сабақ үйрете бастады. Дубайда жұмыс істегеннен кейін бір жыл ішінде Нұр-сұлтанға көшіп келді, онда Назарбаев Университетінің Дайындық Мектебінде академиялық ағылшын тілінен сабақ беруде.
Бос уақытында Маркус дайвингті (оның сүйікті орны – Қызыл теңіз) және саяхатты жақсы көреді. Әр жазда Мьянмада Чин штатына барып, жоғары сынып оқушылары мен университет студенттеріне ағылшын тілінен сабақ береді.