Біз туралы

Дайындық мектебі туралы

Назарбаев Университеті жанындағы Дайындық мектебі (ДМ) бакалавриат немесе магистратура бағдарламаларына оқуға түсу алдында академиялық және тілдік дағдыларды дамыту үшін құрылған. Қазіргі уақытта ДМ екі білім беру бағдарламасын ұсынады: Университет алдындағы дайындық бағдарламасы (NUFYP) және Магистратураға дайындық жылы бағдарламасы (NUZYP). Екі бағдарлама да студенттерді академиялық мәселелерді шешуге дайындайды, сонымен қатар студенттерді бакалавриат немесе магистратура бағдарламаларына дайындау деңгейін жоғарылатады, студенттерге басымдықтарды құра білуге және өздерінің жеке уақыттарын жоспарлауға үйретеді, сондай-ақ оларды университеттің академиялық ортасына бейімдейді.

Біздің студенттеріміз

Білім беру бағдарламаларына бүкіл Қазақстан бойынша көптеген ең талантты студенттер, сондай-ақ қабілетті шетел студенттері оқуға қабылданады. Біздің түлектеріміздің көпшілігі Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламасына оқуға түсетінін, олардың кейбіреулері Қазақстан Республикасынан тыс жерде білімдерін жалғастыратынын атап көрсету керек. Барлық студенттер НУ-да немесе шетелде оқуларын жалғастыратынына немесе жалғастырмайтынына   қарамастан, бағдарламаны аяқтағаннан кейін білім берудің келесі кезеңіне білікті даярлық алады.

Біздің оқытушыларымыз

Дайындық мектебінің оқытушылары жоғары білікті және тек қана тәжірибелі оқытушылардан тұрады. Оқытушылар  студенттерге білім беруге және олардың академиялық табыстарға жетуіне ерекше көңіл бөледі.