Бағдарламалар

Магистратура және докторантура бағдарламаларының дайындық жылы қысқаша шолу

Магистрлік және докторлік бағдарламасына бару жолы сіз үшін!
-1-
Бағдарлама қанша уақытқа созылады?
Бағдарламаның ұзақтығы бір академиялық жылды құрайды
-2-
Бағдарламада оқу қанша тұрады?
Жыл сайын бағдарламада оқу үшін мемлекеттік гранттар бөлінеді.
-3-
Бағдарламаға түсу үшін не қажет?
НУ мектептерінің біріне магистратура және докторантура бағдарламасына түсу процесінен өту
IELTS-5.5 әр секцияда кемінде 5.0
-4-
NUZYP студенттері нені оқиды?
  • Академиялық коммуникация
  • Академиялық оқу
  • Академиялық жазу
  • Статистика негіздері
Егер сізде бакалавр дәрежесі болса және магистр және доктор дәрежесін алу үшін оқуды жалғастырғыңыз келсе, бірақ сіз дайын екеніңізге сенімді болмасаңыз, НУ сізге керемет мүмкіндік ұсынады.

Назарбаев Университетінің Дайындық мектебі екі семестрлік оқу курсын ұсынады, ол студенттерді магистрлік және докторлік тезис (диссертация) жазуға, ғылыми мақалалар мен арнайы тақырыптағы мәтіндерді оқуға, зерттеу және академиялық дағдыларды игеруге дайындайды. «NUZYP» бұл бакалавр дәрежесі бар, бірақ олар ағылшын тілінде магистр және доктор дәрежесін алуға әлі дайын емес студенттерге арналған магистратураға және докторантураға дейінгі курс.

NUZYP бағдарламасына қызығушылық танытқан үміткерлер магистратура және докторантура бағдарламасына түсу үшін НУ мектептерінің біріне құжаттарды тапсыруы тиіс. Үміткерді магистратура және докторантура алдындағы бағдарламасына түсуге қарастыру үшін оның әр секцияда 5.0 ең төменгі балмен IELTS 5.5 жалпы балы болуы тиіс. Үміткерлерді магистратура және докторантура бағдарламасына шартты түрде қабылдайды, содан кейін академиялық ағылшын тілінің дағдыларын жақсарту және бейіндік пәндер бойынша білімдерін жаңарту үшін дайындық мектебіне жібереді.

NUZYP-ті сәтті аяқтаған студенттер қосымша тестілеуден өтпей-ақ, автоматты түрде таңдаған магистратура  және докторантура бағдарламасында оқуын жалғастырады.
Егер сіз бакалавр дәрежесін ағылшын тілінде алмаған болсаңыз, Назарбаев Университетінің беделді магистрлік және докторлік бағдарламасына бару жолы сіз үшін!